AA

«Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ

«Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды

2015 жылғы 7 наурыздағы №31 (17595) «Арқа Ажары» газетi

«Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды

1. Жергiлiктi атқарушы органдардың тиiмдiлiгiн бағалау және мемлекеттiк сатып алуды үйлестiру бөлiмiнiң бас маманы, «D-О-4» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық жалақысы еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 64063-тен бастап 86485 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi:

Бөлiмнiң құзыретi шегiнде тиiстi қаржы жылына даму бюджеттiк бағдарламалары бойынша бюджеттiк қаражаттарды тиiмдi басқаруды бағалау бойынша есептiлiктi дайындау. Облыс бойынша мемлекеттiк сатып алуды өткiзу туралы есептiлiктi қалыптастыру. Аудандардың (қалалардың) және облыстың бюджеттiк бағдарламаларының әкiмшiлерi бойынша конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу бойынша апта сайынғы ақпаратты дайындау. Облыста сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң көлемiне талдау өткiзу. Мемлекеттiк сатып алу кезiнде бюджеттiк қаражаттың тиiмдi шығындалуына мониторинг жасау. Бөлiм құзыретi шегiнде ақпараттарды, талдамалық анықтамаларды, кестелердi дайындау. Қаржы басқармасының аппараты үшiн мемлекеттiк сатып алу бойынша конкурстар өткiзу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар:

Әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (экономика, қаржы, есеп және аудит) немесе құқық (құқықтану) жоғары немесе мемлекеттiк қызметте бiр жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес екi жылдан кем емес қызмет атқарған болса жоғарыда аталған мамандықтар бойынша ортадан кейiнгi бiлiм рұқсат етiледi.

2. Жергiлiктi бюджеттердiң мемлекеттiк органдары шығыстарының орындалуын талдау бөлiмiнiң бас маманы, «D-О-4» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық жалақысы еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 64063-тен бастап 86485 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi:

Бөлiмнiң құзыретi шегiнде төлемдер бойынша жинақталған қаржыландыру жоспарын, мiндеттемелер бойынша жинақталған қаржыландыру жоспарын қалыптастыру, облыстық мәслихат сессиясының шешiмдерiн, әкiмдiктiң қаулыларын, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң өтiнiмдерiн жүзеге асыру бойынша бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң қаржыландыру жоспарына өзгерiстер енгiзу. Бөлiмнiң құзыретi шегiнде нысаналы трансферттердi және бюджеттiк кредиттердi жүзеге асыру, бюджет шығындарын орындауына мониторинг жасау. Облыстық бюджеттi және облыс бюджетiн орындау туралы аналитикалық есептi қалыптастыру және ұсыну. Бөлiмнiң құзыретi шегiнде бюджеттiк қаражаттарды басқару бойынша сәйкес қаржы жылына облыс бюджетiнен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiне бағалау өткiзу. Жетекшiлiк жасайтын ББӘ, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының сәйкес қаржы жылындағы бюджеттiк қаражаттарды басқару бойынша қызметiнiң тиiмдiлiгiне бағалау өткiзу. Бөлiмнiң құзыретi шегiнде бюджеттi атқару бойынша аналитикалық анықтамаларды қалыптастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар:

Әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (экономика, қаржы, есеп және аудит) немесе құқық (құқықтану) жоғары немесе мемлекеттiк қызметте бiр жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес екi жылдан кем емес қызмет атқарған болса жоғарыда аталған мамандықтар бойынша ортадан кейiнгi бiлiм рұқсат етiледi.

3. Жергiлiктi бюджеттердiң нақты сала шығыстарының орындалуын талдау бөлiмiнiң бас маманы, «D-О-4» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық жалақысы еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 64063-тен бастап 86485 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi:

Бөлiмнiң құзыретi шегiнде төлемдер бойынша жинақталған қаржыландыру жоспарын, мiндеттемелер бойынша жинақталған қаржыландыру жоспарын қалыптастыру, жинақталған қаржыландыру жоспарына, облыстық мәслихат сессиясының шешiмдерiн, әкiмдiктiң қаулыларын, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң өтiнiмдерiн жүзеге асыру бойынша бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң қаржыландыру жоспарына өзгерiстер енгiзу. Бөлiмнiң құзыретi шегiнде нысаналы трансферттердi және бюджеттiк кредиттердi жүзеге асыру, бюджет шығындарын орындауға мониторинг жасау. Бөлiмнiң құзыретi шегiнде облыстық бюджеттi және облыс бюджетiнiң орындалуы туралы аналитикалық есептi қалыптастыру. ҚР Қаржы министрлiгiне облыстың даму бюджетi және жергiлiктi бюджеттiң басты бағыттары туралы тоқсан сайынғы есептi дайындау және ұсыну. Бөлiмнiң құзыретi шегiнде сәйкес қаржы жылына даму бюджеттiк бағдарламалары бойынша бюджеттiк қаражатты басқару тиiмдiлiгiне бағалау өткiзу жөнiндегi есептiлiктi дайындау. Бөлiмнiң құзыретi шегiнде бюджеттi атқару бойынша аналитикалық анықтамаларды әзiрлеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар:

Әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (экономика, қаржы, есеп және аудит) немесе құқық (құқықтану) жоғары немесе мемлекеттiк қызметте бiр жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес екi жылдан кем емес қызмет атқарған болса жоғарыда аталған мамандықтар бойынша ортадан кейiнгi бiлiм рұқсат етiледi.

4. Әкiмшiлiк бөлiмнiң мемлекеттiк тiлдi дамыту жөнiндегi бас маманы, «D-О-4» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық жалақысы еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 64063-тен бастап 86485 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi:

Басқарманың материалдар мен құжаттарын орыс тiлiнен мемлекеттiк тiлге және мемлекеттiк тiлден орыс тiлiне аударуды қамтамасыз ету. Қаржы басқармасында өткiзiлетiн кеңестердегi, алқа мәжiлiстерiндегi баяндамаларды орыс тiлiнен мемлекеттiк тiлге, мемлекеттiк тiлден орыс тiлiне (қажет болған жағдайда) аударуды iске асыру. Мемлекеттiк тiлде шараларды ұйымдастыру және өткiзу.

Конкурсқа қатысушыларға қойлатын негiзгi талаптар:

Бiлiм беру (қазақ тiлi мен әдебиетi) немесе гуманитарлық ғылым (аударма iсi) немесе құқық (құқықтану) жоғары немесе мемлекеттiк қызметте бiр жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес екi жылдан кем емес қызмет атқарған болса жоғарыда аталған мамандықтар бойынша ортадан кейiнгi бiлiм рұқсат етiледi.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 бұйрығымен бекiтiлген «Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары» негiзiнде өткiзiледi.

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығын және объективтiгiн қамтамасыз ету үшiн отырысқа қатысуға байқаушылар рұқсат етiледi. Байқаушы ретiнде тiркеу үшiн басқарманың персоналды басқару қызметiне жүгiну қажет.

Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға мынандай құжаттарын тапсырады:

  1. белгiленген формадағы өтiнiш;
  2. 3х4 үлгiдегi суретпен белгiленген формадағы толтырылған сауалнама;
  3. бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
  4. еңбек қызметiн растайтын құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
  5. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлiгiнiң 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 (2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 нормативтiк-құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде тiркелген) бұйрығымен бекiтiлген нысанындағы денсаулығы туралы анықтама;
  6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;
  7. құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органмен белгiленген шектi мәнiнен төмен емес нәтижемен тестiлеуден өткенi туралы қолданыстағы сертификаты. (немесе нотариалдық куәландырылған сертификат көшiрмесi).

Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттарды «Арқа Ажары» және «Акмолинская правда» газеттерiнде конкурс өткiзу туралы соңғы жарияланған сәттен бастап 10 жұмыс күннiң iшiнде ұсыну қажет.

Жоғарында көрсетiлген құжаттардың iшiнде бiреуiнiң болмауы оларды қараудан бас тарту үшiн негiз болып табылады.

Мемлекеттiк қызметшiлермен берiлген осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар жұмыс iстейтiн мемлекеттiк органның персоналды басқару қызметiмен (кадрлық қызмет) расталуы мүмкiн.

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны әңгiмелесуге жiберiлгендiгi туралы қатысушыларды хабарландырған күннен бастап, 5 жұмыс күннiң iшiнде Ақмола облысының қаржы басқармасында өтедi.

Конкурсқа қатысу бойынша шығындар (конкурсты өткiзу жерiне барып, келуге жолақы, тұру және т.б.) азаматтар өз қаражаты есебiнен жүргiзедi.

Мекенжайы: индексi 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 83, 209 кабинет, анықтама телефоны: 25-30-48, факс 40-24-65, электрондық пошта: akmola_ks@mail.ru.

Мақаланы құрған күні 10.03.2015
Қаралым саны: 2895
© 2019. «Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ