AA

«Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні

2019 жылғы 7 наурызда қаржы басқармасында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнiне арналған салтанатты iс-шара өттi. Басқарманың ер адамдары нәзiк жандыларды Ақмола облысының қаржы жүйесiн дамытуға қосқан зор үлесiн атап өте отыра, шын жүректен көктемгi мерекемен құттықтады.

Бүгiнгi таңда қаржы басқармасында 22 әйел еңбек етедi. Олар лауазымдық мiндеттерiн адал атқара отыра, қамқор ана, сүйiктi жар, қыз және қарындас болып отыр. Олардың құрметiне мерекелiк концерт қойылды.

Әйелдер қауымы өз кезегiнен мерекелiк көңiл-күй сыйлап, көңiл бөлгендерi үшiн әрiптестерiне алғыс бiлдiрдi.

Мақаланы құрған күні 07.03.2019
Қаралым саны: 778
© 2019. «Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ