AA

«Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ

«Б» корпусының бос төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс

«Ақмола облысының қаржы басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (индексi 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi 83, кабинет 106, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8(716-2) 25-30-48, электрондық мекен-жайы: fin_ks@aqmola.gov.kz) «Б» корпусының уақытша бос төменгi әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1.Жергiлiктi бюджеттердiң орындалуын жиынтық-аналитикалық талдау және ақпараттық жүйелер бөлiмiнiң бас маманы, санаты «D-O-4», 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 108 305,64 теңгеден 146 177,22 теңгеге дейiн.

Қызметтiк мiндеттерi: Бюджеттi атқару бойынша кесте, слайдтарды дайындау. «Бюджет процесiнiң мониторингi» бағдарламасының модульдерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және жаңарту. Қаржылық құжаттарды автоматтандырылған өңдеу бойынша жұмыстар кешенiн жүргiзу және жүйелiк бағдарламалардың жұмысын, ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету. Аудандық (қалалық) экономика және қаржы бөлiмдерiне интеграцияланған ақпараттық жүйелерiмен жұмыс бойынша консультациялық кеңес көрсету. Дерекқор, желi, серверлердi басқару, жүйелiк басқару. «Ашық Үкiмет» порталында бюджеттi атқару бойынша материалдарды орналастыру. Басқарманың web-сайтын басқару. Мемлекеттiк сатып алуға қатысу, өнiм берушiлермен шарт жасасу. Мемлекеттiк сатып алу порталына, Қазынашылық-клиент, ЭҚАБЖ-не қолжетiмдiлiк үшiн ескiрген сертификаттарды, тiркеу куәлiктерiн алу, орнату, қайтарып алу, ауыстыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит) немесе бiлiм (информатика) және жаратылыстану ғылымдары (информатика), немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық жүйелер) салаларында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм.

«Назарбаев Университетi», «Назарбаев Зияткерлiк мектептерi» және «Назарбаев Қорының» мәртебесi туралы Заңға сәйкес автономды бiлiм беру ұйымдарында немесе Республикалық комиссия бекiтетiн, басым мамандықтар бойынша осы лауазымның функционалдық мiндеттерiне сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершiлiк, қызметтi тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздiгiнен даму, жеделдiлiк, ынтымақтастық және әрекеттестiк, қызметтi басқару.

Жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

2.Жергiлiктi бюджеттердiң бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi шығыстарының орындалуын талдау бөлiмiнiң бас маманы, санаты «D-O-4», 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 108 305,64 теңгеден 146 177,22 теңгеге дейiн.

Қызметтiк мiндеттерi: Бөлiмнiң құзiретi шегiнде төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарын, мiндеттемелер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарын қалыптастыру, облыстық мәслихат сессиясының шешiмдерiн, әкiмнiң қаулыларын, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң өтiнiмдерiн жүзеге асыру бойынша бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң жиынтық қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзу. Бөлiмнiң құзiретi шегiнде нысаналы трансферттердiң және бюджеттiк кредиттердiң жүзеге асырылуына, бюджет шығындарының атқарылуына мониторинг жасау. Облыстық бюджеттiң және облыс бюджетiнiң атқарылуы туралы аналитикалық есептi қалыптастыру және ұсыну. Бөлiмнiң құзiретi шегiнде тиiстi қаржы жылына даму бюджеттiк бағдарламалары бойынша бюджеттiк қаражатты басқару тиiмдiлiгiн бағалау бойынша есептiлiктi дайындауға қатысу. Бөлiмнiң құзiретi шегiнде тиiстi қаржы жылына жүргiзiлген бюджеттiк мониторинг және ББӘ нәтижелерiн бағалау негiзiнде жергiлiктi бюджеттiк бағдарламаларға талдау жасау. Бөлiмнiң құзiретi шегiнде бюджеттiң атқарылуы бойынша баяндамалардың жобаларын материалдарды, талдамалық анықтамаларды дайындау. Өздерiнiң қарауында болатын, мемлекеттiк мекемелердiң тауардарды (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) сатудан алынатын түсiмдерiмен ақша шығындарының жоспарын қарастыру және келiсу. Желiлер, штаттар және контингенттер бойынша есептi қабылдау. Бюджеттiк кредиттердi тiркеу, есепке алу, мониторингiлеу және қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жасау. МЖӘ шарттарының жобаларын қарастыру және келiсу. Бөлiмнiң құзiретi шегiнде МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттiк мiндеттемелерге мониторинг жасау. Бөлiмнiң құзiретi шегiнде қаржы басқармасы бойынша бюджеттiк бағдарламаларды әзiрлеу, өзгерiстер енгiзу және олардың iске асырылуына талдау жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес салаларында (экономика, қаржы, есеп және аудит) жоғары бiлiм.

«Назарбаев Университетi», «Назарбаев Зияткерлiк мектептерi» және «Назарбаев Қорының» мәртебесi туралы Заңға сәйкес автономды бiлiм беру ұйымдарында немесе Республикалық комиссия бекiтетiн, басым мамандықтар бойынша осы лауазымның функционалдық мiндеттерiне сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершiлiк, қызметтi тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздiгiнен даму, жеделдiлiк, ынтымақтастық және әрекеттестiк, қызметтi басқару.

Жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi министрiнiң 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар қатысады.

Байқаушы ретiнде тiркелу сұрақтары бойынша әңгiмелесу басталғанға дейiн 1 жұмыс күнiнен кешiктiрмей «Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) жүгiну қажет.

Тiркелу үшiн тұлғалар персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн немесе электрондық көшiрмесiн, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетiлген ұйымдарға тиесiлiлiгiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн немесе электрондық көшiрмелерiн ұсынады.

Жалпы конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:

1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтiнiш;

2) 3х4 үлгiдегi түрлi түстi суретпен Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмi;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшiрмелерiнiң нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясыниеленушi, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдiк жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген бiлiм туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдiк бiлiм беру ұйымдарында алған бiлiмi туралы құжаттарының көшiрмелерiне бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәлiктерiнiң көшiрмелерi қоса берiледi.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушiлерге берiлген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлiк қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшiрмесi қоса берiледi.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шартының (келiсiмнiң) қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелерiне бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшiрмелерi қоса берiледi.

4) еңбек қызметiн растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметiмен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6697 болып тiркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейiн алты айдан аспайтын уақытта берiлген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрiгерлiккәсiби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 27 сәуiрдегi № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тiркелдi) бекiтiлген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейiн бiр жылдан аспайтын уақытта берiлген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 27 сәуiрдегi № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тiркелдi) бекiтiлген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейiн бiр жылдан аспайтын уақытта берiлген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi).

3), 4), 5), 7) және 8) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн ұсынуға рұқсат етiледi. Бұл ретте, персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) құжаттардың көшiрмелерiн түпнұсқалармен салыстырып тексередi.

Егер азамат еңбек қызметiн жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтiлi талап етiлмейтiн жағдайда еңбек қызметiн растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етiлмейдi.

Ақмола облысының қаржы басқармасының персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесi арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтiнде заңнаманы бiлуiне тестiлеуден өткенi туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органда жеке қасиеттерiн бағалауды өту туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексередi.

Конкурсқа қатысатын мемлекеттiк қызметшiлер тестiлеуден өтпейдi.

Құжаттардың толық емес пакетiн немесе дәйексiз мәлiметтердi ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр сағаттан бұрын кешiктiрiлмей бередi.

Құжаттарды ұсынбаған жағдайда азамат конкурстық комиссиямен әңгiмелесуден өтуге жiберiлмейдi.

Құжаттар «Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ және мемлекеттiк қызмет саласындағы уәкiлеттi органның сайтында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған кейiнгi келесi жұмыс күнiнен бастап 7 жұмыс күннiң iшiнде ұсынылуы қажет.

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап 3 жұмыс күн iшiнде «Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ өтедi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар мемлекеттiк қызмет саласындағы уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Б» корпусының мемлекеттiк
әкiмшiлiк лауазымына
орналасуға конкурс өткiзу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан
__________________________
(мемлекеттiк орган)

Өтiнiш

Менi_____________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын. «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын. Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн. Қоса берiлген құжаттар:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

________                               _____________________________________
  (қолы)                                    (Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

Б» корпусының мемлекеттiк
әкiмшiлiк лауазымына
орналасуға конкурс өткiзу
қағидаларының 3-қосымшасы

Нысан

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКIМШIЛIК МЕМЛЕКЕТТIК ЛАУАЗЫМЫНА
КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМI

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ
ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»
______________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)/
фамилия, имя, отчество (при наличии))
_______________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
Туылған күні және жері/
Дата и место рождения
 
Ұлты/Национальность (по желанию)  
Оқу орнын бiтiрген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
 
Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi ғылыми атағы (болған жағдайда)/
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
 
Шет тiлдерiн бiлуi/
Владение иностранными языками
 
Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары(болған жағдайда)/ Государственные награды, почетные звания (при наличии)  
Дипломатиялық дәріжесі, әскері, арнайы атақтары сыныптық шенi(болған жағдайда)/ дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)  
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі туралы мәлiмет(болған жағдайда)/
вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
 
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)  
ЕҢБЕК ЖОЛЫТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні/Датақабылданған/ приема Күні/Датабосатылған/ увольнения Күні/Дата қызметі, жұмысорны, мекеменің орналасқан жері /должность,место работы,местонахождениеорганизации қабыл-данған/приемабосатылған/увольнения
     
     
     
     
     
     
Кандидаттың қолы/Подпись кандидата____________күні/дата_________    
Мақаланы құрған күні 05.02.2020
Қаралым саны: 1025
© 2020. «Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ