AA

«Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ

Б» корпусының бос төменгі әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру

Б» корпусының бос төменгі әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру «Ақмола облысының қаржы басқармасы» мемлекеттiк мекемесi«Б» корпусының бос төменгi әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды (020000 индексi, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абайкөшесi 83, 209 кабинет, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8(7162)25-30-48, факс 8(7162)40-24-65, электрондық мекенжайы: Akmola_ks@mail.ru): 1.Жергiлiктi бюджеттердiң орындалуы бойынша есеп және есептеме бөлiмiнiң бас маманы, «D-O-4» санаты, 1 бiрлiк.
Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 83 282теңгеден 112 431 теңгеге дейiн.
Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Басқарма аппаратын күтiп-ұстауға бюджеттiк өтiнiмдi және есептердi қалыптастыру. Қазынашылық органдарында шарттарды тiркеуге өтiнiмдер, салыстыру актiлерiн, шарттарды дайындау.Басқарма аппараты бойынша бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық және бюджеттiк есептiлiктi қалыптастыру.Қаржыландыру жоспарларын орындау үрдiсiнде туындайтын басқарма қызметкерлерiмен, бюджетпен, жеткiзушiлерiмен есептердi уақытында өткiзу.Қаржы басқармасы бойынша дебиторлық және кредиторлық есептердi дайындау. Қазынашылық департаментiмен қаржылық құжаттарды жүргiзу бойынша жұмыс. Қаржы басқармасының қызметiн қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк сатып алулар (МС) үрдiсiн жүзеге асыру (МС жылдық жоспарын құру, МС жоспарына өзгерiстер енгiзу, келiсiмдер тiзбесiн толтыру, МС бойынша есептердi сайтта орналастыру; келiсiмдердi жасау, келiсiмдердi қазынашылық органдарында тiркеу).Бөлiмнiң құзыретi шегiнде қаржы басқармасы бойынша бюджеттiк қаражат тиiмдiлiгiне бағалау өткiзу бойынша есептiлiктi құрастыру.Бөлiмнiң құзыретi шегiнде бюджеттiң атқарылуы туралы талдамалық есептiлiктi құру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит)салаларында жоғары бiлiм. Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, тiл табысуға бейiмдiлiк, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк. Жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi. КонкурсҚазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi министрiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары» (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде жүргiзiледi. Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол берiледi. Байқаушы ретiнде тiркелу сұрақтары бойынша «Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ-нiң персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) жүгiну қажет.
Жалпы конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтiнiш;
2) 3х4 үлгiдегi суретпен осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметiн растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тiркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
7) құжаттарды тапсыру сәтiнде заңнаманы бiлуiне тестiлеуден өткенi туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);
8) конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органда жеке қасиеттерiн бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi). 3), 4), 7) және 8) тармақшаларда көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн ұсынуға рұқсат етiледi. Бұл ретте, персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) құжаттардың көшiрмелерiн түпнұсқалармен салыстырып тексередi. Құжаттардың толық емес пакетiн ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. Жалпы конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар «Ақмола облысының қаржы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне құжаттарын қолма-қол тәртiпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады. Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр сағат бұрын кешiктiрiлмей бередi. Құжаттар «Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ және уәкiлеттi органның сайтындажалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнiнен бастап 10 жұмыс күннiң iшiнде ұсынылуы қажет. Әңгiмелесуге жiберiлген үмiткерлер оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап 5 жұмыс күн iшiнде«Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ-де өтедi. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Мақаланы құрған күні 02.06.2016
Қаралым саны: 2060
© 2019. «Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ