AA

«Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ

Хабарландыру «Арқа ажары» газетінің 2015 жылғы 4 тамыздағы № 94 жарияланған

Хабарландыру «Арқа ажары» газетiнiң 2015 жылғы 4 тамыздағы № 94 жарияланған

«Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Жергiлiктi бюджеттердiң орындалуы бойынша есеп және есептеме бөлiмiнiң басшысы (негiзгi қызметкердiң жүктiлiк және босануына байланысты демалыс кезеңiне), «D-О-3» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық жалақысы еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 84563 теңгеден бастап 114032 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi:

ҚР Бюджет кодексiмен белгiленген аудандық (қалалық) бюджеттердiң атқарылуы бойынша айлық, жылдық есептердi қабылдау, облыстық бюджеттiң атқарылуы бойынша есептi және облыс бойынша жиынтық есептi құру, Қазынашылық департаментiмен есептердi салыстыру, инстанцияларға ұсыну. Бюджеттiк есептi жүргiзу, депозиттiк шот бойынша есепке алу. ҚР Ұлттық банкiндегi салымдарға (депозиттерге) орналастыру үшiн уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру рәсiмдерiн iске асыру. Қаржы басқармасы бойынша бюджеттiк қаражатты тиiмдi басқаруға бағалау өткiзу үшiн есептiлiктi дайындау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Қаржы басқармасы аппаратын қамтып ұстауға арналған қаражаттың мақсатты және тиiмдi қолданылуына бақылауды жүзеге асыру. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң тоқсандық, жарты жылдық есептерiн қабылдау. Бюджеттiң атқарылуы бойынша баяндама жобаларына материалдарды дайындауға бақылау жасау (кредиторлық және дебиторлық қарыздардың жағдайы). Қаржы басқармасының аппараты бойынша мемлекеттiк сатып алуды iске асыру бойынша жұмысты ұйымдастыру. Ақылы қызмет, қайырымдылық және демеушiлiк көмек бойынша тоқсандық, жылдық есептердi қабылдау және облыс бойынша жиынтық есептердi қабылдау, жинақтау және ҚР Қаржы министрлiгiне жiберудi бақылау. Бюджет кiрiсiне артық (қате) төленген сомаларды қайтару/есептеу бойынша жұмыс.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар:

Әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес салаларындағы жоғары бiлiм (экономика, қаржы, есеп және аудит).

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

  1. мемлекеттiк қызмет өтiлi екi жылдан кем емес немесе мемлекеттiк органдарда басқару немесе басқа да лауазымдарда қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi үш жылдан кем емес, соның iшiнде басқару лауазымдарында бiр жылдан кем емес;
  3. жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде шетелдiк жоғары оқу орындарында немесе шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  4. ғылыми дәрежесiнiң болуы.

2. Мемлекеттiк кәсiпорындармен және басқа шаруашылық субъектiлерiмен жұмыс жөнiндегi бөлiмнiң бас маманы (негiзгi қызметкердiң жүктiлiк және босануына байланысты демалыс кезеңiне), «D-О-4» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық жалақысы еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 64063 теңгеден бастап 86485 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi:

Коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың, жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуымен АҚ (ЖШС) жоспарларын және қаржылық-шаруашылық қызметтерi жоспарларының атқарылуына және жоблауына мониторинг жасау. Акциялардың бақылау пакетi (қатысу үлесi) мемлекетке жататын облыстық мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындардың АҚ, (ЖШС) қаржылық-шаруашылық қызметiн талдау. Мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындардың, мемлекеттiң қатысуымен ЖШС таза кiрiс бөлiгi түсiмдерiнiң алдағы кезеңдерге болжалды көрсеткiштерi бойынша; мемлекеттiң қатысуымен АҚ мемлекеттiк акция пакеттерiнiң дивидендтерi бойынша ақпаратты ұсыну. Бекiтiлген кестеге сай мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындардың таза кiрiс бөлiгiнiң облыстық бюджетке уақытылы және толық аударылу мониторингiн жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар:

Әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (экономика, қаржы, есеп және аудит) немесе құқық (құқықтану) немесе мемлекеттiк қызметте бiр жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес екi жылдан кем емес қызмет атқарған болса жоғарыда аталған мамандықтар бойынша ортадан кейiнгi бiлiм рұқсат етiледi.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығымен бекiтiлген Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары ережесi негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға мынандай құжаттарын тапсырады:

  1. Белгiленген формадағы өтiнiш;
  2. 3х4 үлгiдегi суретпен белгiленген формадағы толтырылған сауалнама;
  3. бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
  4. еңбек қызметiн растайтын құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 (2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 нормативтiк-құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде тiркелген) бұйрығымен бекiтiлген нысанындағы денсаулығы туралы анықтама;
  6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;
  7. Құжаттарды тапсыру кезiнде уәкiлеттi органмен белгiленген шектi мәнiнен төмен емес нәтижемен тестiлеуден өткенi туралы қолданыстағы сертификаты (немесе нотариалдық куәландырылған сертификат көшiрмесi).

Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттарды «Арқа Ажары» және «Акмолинская правда» газеттерiнде конкурс өткiзу туралы соңғы жарияланған сәттен бастап 10 жұмыс күннiң iшiнде ұсыну қажет.

Жоғарыда көрсетiлген құжаттардың iшiнде бiреуiнiң болмауы оларды қараудан бас тарту үшiн негiз болып табылады.

Мемлекеттiк қызметшiлермен берiлген осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар жұмыс iстейтiн мемлекеттiк органның персоналды басқару қызметiмен (кадрлық қызмет) расталуы мүмкiн.

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны әңгiмелесуге жiберiлгендiгi туралы қатысушыларды хабарландырған күннен бастап 5 жұмыс күннiң iшiнде Ақмола облысының қаржы басқармасында өтедi.

Конкурсқа қатысу бойынша шығындарды (конкурсты өткiзу жерiне барып, келуге жолақы, тұру және т.б.) азаматтар өз қаражаты есебiнен өтейдi.

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығын және объективтiгiн қамтамасыз ету үшiн отырысқа қатысуға байқаушылар рұқсат етiледi. Байқаушы ретiнде тiркеу үшiн басқарманың персоналды басқару қызметiне жүгiну қажет.

Мекенжайы: индексi 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 83, 209 кабинет, анықтама телефоны: 25-30-48, факс 40-24-65, электрондық пошта: akmola_ks@mail.ru.

Мақаланы құрған күні 04.08.2015
Қаралым саны: 2669
© 2019. «Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ