AA

«Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ

Хабарландыру «Арқа ажары» газетiнiң 2015 жылғы 20 қазандағы № 127 санында жарияланған

«Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ бос мемлекеттiк әкiмшiлiк
лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

1) басқарма басшысының орынбасары, D–О-2 санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық жалақысы еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 125563 теңгеден бастап 169767 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi:

Бөлiмдердiң жұмысын ұйымдастыру, жоспарлау, үйлестiру: мемлекеттiк кәсiпорындар мен басқа шаруашылық субъектiлерiмен жұмыс; мемлекеттiк активтердi пайдалану; коммуналдық меншiк нысандарын сату, мүлiктiк жалға, сенiмгерлiк басқаруға беру. Коммуналдық меншiк және жекешелендiру мәселелерi бойынша жұмыс кешенiн; басқарманың Стратегиялық және Операциялық жоспарлар, онда қойылған мақсаттырды, мiндеттердi және индекаторлады орындауды бақылау және ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар:

Әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық (құқықтану) салаларындағы жоғары бiлiм (экономика, қаржы, есеп және аудит).

Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес келуi қажет:

  1. мемлекеттiк қызмет өтiлi үш жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi төрт жылдан кем емес, соның iшiнде басқару лауазымдарында бiр жылдан кем емес;
  3. жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде шетелдiк жоғары оқу орындарында немесе Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;
  4. мемлекеттiк органдарда басқару немесе басқа да лауазымдарда бiр жылдан кем емес.

2) жергiлiктi бюджеттердiң денсаулық сақтау және әлеуметтiк қорғау шығыстарының орындалуын талдау бөлiмiнiң бас маманы, «D-О-4» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық жалақысы еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 64063 теңгеден бастап 86485 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi:

Бөлiмнiң құзiретi шегiнде төлемдер бойынша жинақталған қаржыландыру жоспарын, мiндеттемелер бойынша жинақталған қаржыландыру жоспарын қалыптастыру, облыстық мәслихат сессиясының шешiмдерiн, әкiмнiң қаулыларын, ББӘ өтiнiмдерiн жүзеге асыру бойынша бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң қаржыландыру жоспарына өзгерiстер енгiзу. Бөлiмнiң құзiретi шегiнде нысаналы трансферттердi жүзеге асыру, бюджет шығындарын орындауына мониторинг жасау. Облыстық бюджеттi және облыс бюджеттi орындау туралы аналитикалық есептi қалыптастыру және ұсыну. Бөлiмнiң құзiретi шегiнде қаржы басқармасы бойынша бюджеттiк қаражатты басқару тиiмдiлiгiне бағалау өткiзу үшiн есептiлiктi дайындау. Сәйкес қаржы жылына бюджеттiк қаражатты басқару бойынша денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, жұмысты қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру, еңбек инспекторы бойынша басқармалар қызметiнiң тиiмдiлiгiне бағалау өткiзу. Басқарманың Операциялық жоспарын, оның орындалуы бойынша есептiлiктi қалыптастыру. Бөлiмнiң құзiретi шегiнде бюджетiң атқарылуы бойынша талдамалық анықтамаларды жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар:

Әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары бiлiм (экономика, қаржы, есеп және аудит). Жұмыс тәжiрибесi қажет етiлмейдi. Мемлекеттiк қызметте бiр жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес екi жылдан кем емес қызмет атқарған болса жоғарыда аталған мамандықтар бойынша ортадан кейiнгi бiлiм рұқсат етiледi.

3) мемлекеттiк активтердi пайдалану бөлiмiнiң бас маманы, «D-О-4» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық жалақысы еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 64063 теңгеден бастап 86485 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi:

Қажеттi шараларды iске асыру: 1) мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне мемлекеттiк мүлiктi беру бойынша; 2) облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға облыстық коммуналдық мүлiктi бекiту, алу, қайта бөлу бойынша; 3) мүлiктi жеке меншiктi және мемлекеттiк меншiкке ерiктi және өтеусiз беру бойынша; 4) «Есептi тапсырудың бiрiңғай жүйесi» арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы облыстық коммуналдық меншiктi есепке алуды ұйымдастыру бойынша. Әдiлет органдарына ұсыну үшiн мемлекеттiң қатысу үлесiмен мемлекеттiк кәсiпорындардың, мемлекеттiк мекемелердiң, серiктестiктердiң және акционерлiк қоғамдардың орналасқан орны туралы анықтамалар беру. Бөлiмнiң құзiретi шегiнде Ақмола облысы әкiмдiгiнiң заңнамалық актiлерiнiң, шешiмдерiнiң, өкiмдерiнiң, және қаулыларының, қаржы басқармасының коммуналыдық меншiк нысандарын басқару мәселелерi бойынша бұйрықтарының орындалу талаптарына мониторинг жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар:

Әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит) немесе құқық (құқықтану) салаларындағы жоғары бiлiм. Жұмыс тәжiрибесi қажет етiлмейдi. Мемлекеттiк қызметте бiр жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес екi жылдан кем емес қызмет атқарған болса жоғарыда аталған мамандықтар бойынша ортадан кейiнгi бiлiм рұқсат етiледi.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығымен бекiтiлген Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары ережесi негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға мынандай құжаттарын тапсырады:

  1. белгiленген формадағы өтiнiш;
  2. 3х4 үлгiдегi суретпен белгiленген формадағы толтырылған сауалнама;
  3. бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
  4. еңбек қызметiн растайтын құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 (2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 нормативтiк-құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде тiркелген) бұйрығымен бекiтiлген нысанындағы денсаулығы туралы анықтама;
  6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;
  7. Құжаттарды тапсыру кезiнде уәкiлеттi органмен белгiленген шектi мәнiнен төмен емес нәтижемен тестiлеуден өткенi туралы қолданыстағы сертификаты (немесе нотариалдық куәландырылған сертификат көшiрмесi).

Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттарды «Арқа Ажары» және «Акмолинская правда» газеттерiнде конкурс өткiзу туралы соңғы жарияланған сәттен бастап 10 жұмыс күннiң iшiнде ұсыну қажет.

Жоғарыда көрсетiлген құжаттардың iшiнде бiреуiнiң болмауы оларды қараудан бас тарту үшiн негiз болып табылады.

Мемлекеттiк қызметшiлермен берiлген осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар жұмыс iстейтiн мемлекеттiк органның персоналды басқару қызметiмен (кадрлық қызмет) расталуы мүмкiн.

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны әңгiмелесуге жiберiлгендiгi туралы қатысушыларды хабарландырған күннен бастап 5 жұмыс күннiң iшiнде Ақмола облысының қаржы басқармасында өтедi.

Конкурсқа қатысу бойынша шығындарды (конкурсты өткiзу жерiне барып, келуге жолақы, тұру және т.б.) азаматтар өз қаражаты есебiнен өтейдi.

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығын және объективтiгiн қамтамасыз ету үшiн отырысқа қатысуға байқаушылар рұқсат етiледi. Байқаушы ретiнде тiркеу үшiн басқарманың персоналды басқару қызметiне жүгiну қажет.

Мекенжайы: индексi 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi,83, 209 кабинет, анықтама телефоны: 25-30-48, факс 40-24-65, электрондық пошта: akmola_ks@mail.ru.

Мақаланы құрған күні 20.10.2015
Қаралым саны: 2490
© 2019. «Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ