AA

«Ақмола облысы қаржы басқармасы» ММ

Бюджетінің атқарылу қорытындысы бойынша

Ағымдағы жылғы 25 қаңтарда облыс әкiмi Мәлiк Мырзалиннiң төрағалығымен Ақкөл қаласында облыс әкiмдiгiнiң сапарлық отырысы өтiп, онда қарастырылған мәселелердiң бiрi 2018 жылғы облыс бюджетiнiң атқарылу қорытындысы болды.

Қаржы басқармасы басшысының м.а. Т.Белая өз баяндамасында 2018 жылғы облыс бюджетiнiң бекiтiлген көлемi 225,8 млрд. теңгенi құрағанын баяндады.

Кiрiстер бойынша жылдық жоспар кiрiстердiң 8,1 млрд. теңгеге өсуiмен артығымен орындалған. Шығыстар бойынша барынша жоғары атқарылуға қол жеткiзiлдi: облыстық бюджет 100%-ға, облыс бюджетi 99,9%-ға игерiлiп, республикалық орташа және өткен жылғы деңгейден 0,3 пайыздық тармаққа жоғары. Атқарылмау сомасы өткен жылмен салыстырғанда 3 есе азайды және 283,4 млн. теңгенi құрады.

Сонымен қатар, отырыс қатысушылары қызметi қаланың тiршiлiгi мен азаматтардың қауiпсiздiгiн арттыруға бағдарланған, «Smart Aqkol» ахуалдық орталығына барды.

 

Мақаланы құрған күні 29.01.2019
Қаралым саны: 322
© 2019. «Ақмола облысы қаржы басқармасы» ММ