AA

«Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ

«Рухани жаңғыру негізі – мемлекеттік тіл» танымдық марафоны

2019 жылғы 22 мамырда Ақмола облысы қаржы басқармасының қызметкерлерi «Рухани жаңғыру негiзi — мемлекеттiк тiл» танымдық марафонына қатысты.

Аталған марафонның мақсаты мемлекеттiк қызметшiлердi латын графикасындағы жаңа әлiпби негiзiнде қазақ тiлi емле ережелерiмен таныстыру болып табылады.

Аталған мәселе бойынша Ақмола облысы iшкi саясат басқармасының Ақмола облыстық оқу-әдiстемелiк орталығының мамандары дәрiс оқыды.

Дәрiс барысында басқарма қызметкерлерiне тиiстi түсiнiктемелер берiлдi.

Мақаланы құрған күні 22.05.2019
Қаралым саны: 549
© 2019. «Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ