AA

«Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ ТОҒЫЗ АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛҒАН

Ақмола облысы бюджетiнiң 2018 жылғы тоғыз айдағы атқарылу қорытындысы туралы қаржы басқармасы басшысының мiндетiн атқарушы Татьяна Юрьевна Белая ақпарат бердi.

Ақмола облысы бюджетiнiң 2018 жылдың тоғыз айындағы атқарылу қорытындысы келесi көрсеткiштермен сипатталады.

Облыс бюджетiнiң түсiмдерi жылға 170 774,4 млн. теңгенi құрады.

Салықтар мен төлемдерден 50 949,7 млн. теңге түстi және бұл өткен жылдың сәйкес кезеңiнен 7 268,0 млн. теңгеге артық.

Жоспарды барлық өңiрлер орындап шықты.

Жалпы алғанда, артығымен орындау 4 856,1 млн. теңге сомасындағы кiрiстердiң барлық санаттары бойынша белгiленiп, нәтижесiнде атқарылу пайызы 110,5%-ды, жылға 75,9%-ды құрады.

Шығыс бөлiгiнiң атқарылуы бойынша

2018 жылғы 1 қазандағы облыс бойынша бюджеттiң нақтыланған көлемi 230 210,5 млн. теңгенi құрады. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңiнен 4 млрд. теңгеге артық.

Тоғыз айда 166 289,6 млн. теңгеге шығыстар жүргiзiлiп, жоспарға 98,9%-ды құрады.

Былтырғы жылмен салыстырғанда игерiлмеу сомасы 3 млрд. теңгеге төмендедi және 1 млрд. 900 млн. теңгенi құрады.

Облыстық бюджет бойынша жоғары көрсеткiштерге (100-99,7%) 31 әкiмшiнiң iшiнен қаражаттың толық игерiлуiмен, 23 мем. орган қол жеткiзген. Нәтижелер былтырғы жылдан 1,5 пайыздық тармаққа жоғары және жоспардың 99,9%-на қол жеткiзiлдi.

Игерiлмеудiң ең жоғары сомалары бес әкiмшiге тиесiлi, бұл — жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу, туризм, кәсiпкерлiк және өнеркәсiп және iшкi саясат басқармалары.

Өңiрлер бойынша шығыстардың игерiлу қарқыны 1,2 пайыздық тармаққа ұлғайған — 98,4%.

Жоғары нәтижелерге (100-99,7%) Степногорск қаласы (100%), Жақсы (99,8%), Жарқайың (99,8%), Есiл (99,7%) және Сандықтау (99,7%) аудандары қол жеткiздi.

Өткен жылмен салыстырғанда игерiлмеу сомасы 896,5 млн. теңгеге азайған және 104 797,4 млн. теңгенi құрады (жылға игерiлу 72,0%), сонымен қатар 1 706,4 млн. теңге игерiлмей қалды, оның ең жоғары сомалары Целиноград, Ерейментау, Аршалы, Бурабай аудандарында және Көкшетау қаласында жiберiлген.

Бюджет қаражатының игерiлмеуiнiң негiзгi себептерi — мердiгерлер мен қызмет көрсетушiлердiң шарт мiндеттемелерiн орындамауы, мем. сатып алу рәсiмдерiнiң созылуы, сотта iстердiң қаралуы.

Мақаланы құрған күні 26.10.2018
Қаралым саны: 949
© 2019. «Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ