AA

«Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ ТОҒЫЗ АЙДЫҢ ҚОРТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ

Ақмола облысы бюджетiнiң 2019 жылдың тоғыз айында атқарылу қорытындысы туралы қаржы басқармасының басшысы Талғат Серiкұлы Бөлтенов хабардар еттi.

2019 жылдың тоғыз айындағы бюджеттiң атқарылу қорытындысы келесi көрсеткiштермен сипатталады.

Облыс бюджетiнiң түсiмдерi 202 701,5 млн. теңгенi немесе жылға 71,5% құрады.

Өз кiрiстерiнiң атқарылу пайызы 110,2% құрады. Жоспарды облыстың барлық аймақтары орындап, жалпы алғанда 50 531,3 млн. теңге есепке алынды.

Облыс бойынша игеру қарқыны өткен жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 0,4 пайыздық тармаққа артып, облыстар бойынша 99,3 пайыз орташа көрсеткiшке жеттi, жалпы алғанда 198 272,2 млн. теңге игерiлдi.

Игерiлмеген сома өткен жылмен салыстырғанда 545 млн. теңгеге азайып, 1 млрд. 355 млн. теңгенi құрады.

Игерiлмеудiң негiзгi себебi — өнiм берушiлер мен мердiгерлердiң шарт мiндеттемелерiн орындамауы, мемлекеттiк сатып алу бойынша аяқталмаған рәсiмдер, сотта iстiң қаралуы, үнемдеу және кезеңге қаражат сұранымсыздығы.

Жыл соңына дейiн 88 млрд.теңге игерiлуi тиiс. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi, аудандар мен қалалардың әкiмдерi жыл қорытындысы бойынша жоғары нәтижеге қол жеткiзу үшiн қаражатты игеру қарқынын арттыра отырып, мердiгерлердiң жұмысын ерекше бақылауға алуы, қаржы тәртiбiн орындау бойынша жергiлiктi жерлерде жауапкершiлiктi арттыра отыра, мемлекеттiк сатып алу рәсiмдерiн аяқтауы қажет.

 

 

Мақаланы құрған күні 18.10.2019
Қаралым саны: 130
© 2019. «Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ