AA

«Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ

«Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға ішкі конкурс

«Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ (индекс 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қ, Абай к. 83, 209-кабинет, анықтама телефоны — 8(7162) 25-30-48, факс — 8(7162) 40-24-65, электрондық мекенжай: Akmola_ks@mail.ru) «Б» корпусы бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға «Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ-нiң мемлекеттiк қызметшiлерi арасында iшкi конкурс жариялайды:

1.Жергiлiктi бюджеттердiң денсаулық сақтау және әлеуметтiк қорғау шығыстарының орындалуын талдау бөлiмiнiң басшысы, «D-O-3» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 109 932 теңгеден 148 242 теңгеге дейiн.

Қызметтiк мiндеттерi: Бөлiмнiң құзiретi шегiнде төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарын, мiндеттемелер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарын қалыптастыру, облыстық мәслихат сессиясының шешiмдерiн, әкiмнiң қаулыларын, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң өтiнiмдерiн жүзеге асыру бойынша бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң жиынтық қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзу. Бөлiмнiң құзiретi шегiнде нысаналы трансферттердiң жүзеге асырылуына, бюджет шығындарының атқарылуына мониторинг жасау. Облыстық бюджеттiң және облыс бюджетiнiң атқарылуы туралы аналитикалық есептi қалыптастыру және ұсыну бойынша жұмысты ұйымдастыру. Бөлiмнiң құзiретi шегiнде тиiстi қаржы жылына даму бюджеттiк бағдарламалары бойынша бюджет қаражатын басқару тиiмдiлiгiн бағалау бойынша есептiлiктi дайындау. Бөлiмнiң құзiретi шегiнде тиiстi қаржы жылына жүргiзiлген бюджеттiк мониторинг және нәтижелердi бағалау негiзiнде жергiлiктi бюджеттiк бағдарламаларға талдау жасау. Желiлер, штаттар және контингенттер бойынша есептi қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру. Бөлiмнiң құзiретi шегiнде бюджеттiң атқарылуы бойынша баяндамалардың жобаларын материалдарды, талдамалық анықтамаларды дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары бiлiм, әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес саласында;

мынадай құзыреттерге ие болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк;

жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1) мемлекеттiк қызмет өтiлi екi жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi үш жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-2, E-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында не саяси лауазымдарда бiр жылдан кем емес;

2) мемлекеттiк қызмет өтiлi үш жылдан кем емес, оның iшiнде орталық немесе облыстық деңгейдегi құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттiк органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екi жылдан кем емес;

3) жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтау.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi министрiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар шақырылады. Байқаушы ретiнде тiркелу үшiн Ақмола облысының қаржы басқармасының персоналды басқару қызметiне (кадрлық қызметке) жүгiну қажет.

Конкурсқа қатысу үшiн қажет құжаттар:

1) белгiленген нысандағы өтiнiш;

2)тиiстi персоналды басқару қызметiмен расталған қызметтiк тiзiм.

Құжаттардың толық емес пакетiн ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Iшкi конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей ұсынады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi: iшкi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнiнен бастап 3 жұмыс күнi iшiнде.

Iшкi конкурсқа қатыстаын кандидаттар («Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ-нiң мемлекеттiк қызметшiлерi арасында) және әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесуге жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап үш жұмыс күн iшiнде Ақмола облысының қаржы басқармасында өтедi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар және үмiткерлер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурстық комиссияның шешiмiне уәкiлеттi органға және оның аймақтық бөлiмшелерiне, немесе сот тәртiбiнде шағымдануына болады.

Мақаланы құрған күні 19.07.2016
Қаралым саны: 2111
© 2019. «Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ