AA

«Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ

Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға ішкі конкурс

«Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ (индекс 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қ, Абай к. 83, 209-кабинет, анықтама телефоны — 8(7162) 25-30-48, факс — 8(7162) 40-24-65, электрондық мекенжай: Akmola_ks@mail.ru) «Б» корпусы бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға «Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ барлық мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызметшiлерi арасында iшкi конкурс жариялайды:

1.Басқарма басшысының орынбасары, «D-O-2» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 163 233 теңгеден 220 697 теңгеге дейiн.

Қызметтiк мiндеттерi: Коммуналдық меншiк және жекешелендiру мәселелерi бойынша жұмыстар кешенiнiң орындалуын бақылау және ұйымдастыру. Мемлекеттiк активтердi пайдалану; мемлекеттiк кәсiпорындар және басқа шаруашылық жүргiзу құқығындағы субъектiлермен жұмыс жөнiндегi, коммуналдық меншiк нысандарын сату, мүлiктi жалға, сенiмгерлiк басқаруға беру бөлiмдерiнiң жұмыстарын ұйымдастыру, жоспарлау және үйлестiру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары бiлiм, әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық саласында;мынадай құзыреттерге ие болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк;

жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1) мемлекеттiк қызмет өтiлi үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi төрт жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында не саяси лауазымдарда бiр жылдан кем емес;

2) мемлекеттiк қызмет өтiлi төрт жылдан кем емес, оның iшiнде орталық немесе облыстық деңгейдегi құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттiк органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екi жылдан кем емес;

3) жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттiк қызмет өтiлi мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында не саяси лауазымдарда бiр жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесiнiң болуы;

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi министрiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар шақырылады. Байқаушы ретiнде тiркелу үшiн «Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ-нiң персоналды басқару қызметiне (кадрлық қызметке) жүгiну қажет.

Конкурсқа қатысу үшiн қажет құжаттар:

1) белгiленген нысандағы өтiнiш;

2) тиiстi персоналды басқару қызметiмен (кадрлық қызмет) расталған қызметтiк тiзiм.

Құжаттардың толық емес пакетiн ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Iшкi конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

Құжаттар iшкi конкурс өткiзу туралы хабарландырудың соңғы жарияланған күнiнен бастап 3 жұмыс күнi iшiнде ұсынылуы қажет.

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесуге жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап үш жұмыс күн iшiнде Ақмола облысының қаржы басқармасында өтедi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (конкурс өтетiн жерге келу және қайту, тұру және т.б.) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар және үмiткерлер Қазақстан Республикасының заңнамсына сәйкес конкурстық комиссияның шешiмiне уәкiлеттi органға және оның аймақтық бөлiмшелерiне, немесе сот тәртiбiнде шағымдануына болады.

Мақаланы құрған күні 07.07.2016
Қаралым саны: 2155
© 2019. «Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ