Управление финансов Управление финансов Управление финансов Управление финансов

ДССССРБСЖМСНЖК
Сенім телефондары

25-30-42
(факс) 40-24-65

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саясатын насихаттау
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны

Әнұран — мемлекеттiң басты рәмiздерiнiң бiрi. Гректiң «gimneo» сөзiнен шыққан «гимн» терминi «салтанатты ән» деген мағынаны бiлдiредi. Әнұран ел азаматтарын тиiмдi әлеуметтiк-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестiру үшiн негiзгi мәнге ие, маңызды дыбыстық рәмiз саналады.

Тәуелсiз Қазақстанның тарихында елiмiздiң мемлекеттiк әнұраны екi рет — 1992 және 2006 жылдары бекiтiлдi.

Республика мемлекеттiк егемендiгiн иеленгеннен кейiн, 1992 жылы Қазақстан әнұранының музыкасы мен мәтiнiне байқау жарияланды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақ КСР әнұранының музыкалық редакциясын сақтау туралы шешiм қабылданды. Осылайша тәуелсiз Қазақстанның алғашқы әнұранының музыкасының авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди болды. Сонымен қатар, үздiк мәтiнге жарияланған байқауда авторлар ұжымы, белгiлi ақындар Мұзафар Әлiмбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрiбаева жеңiп шықты.

Елдiң дыбыстық рәмiзiнiң танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттiк әнұран қабылданды. Оның негiзi ретiнде халықтың арасында кеңiнен танымал «Менiң Қазақстаным» патриоттық әнi таңдап алынды. Ол әндi Шәмшi Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжiмеденовтiң сөзiне жазған болатын. Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттiк әнұран жоғары мәртебесiн беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшiн музыкалық туындының бастапқы мәтiнiн өңдедi. Қазақстан Парламентi 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бiрлескен отырысында «Мемлекеттiк рәмiздер туралы» Жарлыққа тиiстi түзету енгiзiп, елiмiздiң жаңа мемлекеттiк әнұранын бекiттi.

Жүктеп алу (MP3 1504 Kb)

Сөзiн жазғандар: Жұмекен Нәжiмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әнiн жазған: Шәмшi Қалдаяқов

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерлiктiң дастаны,
Елiме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менiң елiм, менiң елiм,
Гүлiң болып егiлемiн,
Жырың болып төгiлемiн, елiм!
Туған жерiм менiң — Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерiм бар.
Бiрлiгi жарасқан,
Тәуелсiз елiм бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгiлiк досындай,
Бiздiң ел бақытты,
Бiздiң ел осындай!

Қайырмасы:

Менiң елiм, менiң елiм,
Гүлiң болып егiлемiн,
Жырың болып төгiлемiн, елiм!
Туған жерiм менiң — Қазақстаным!

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны

Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика