Управление финансов Управление финансов Управление финансов Управление финансов

ДССССРБСЖМСНЖК
Сенім телефондары

25-30-42
(факс) 40-24-65

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саясатын насихаттау
«Бізден өте жақсы»

Мемлекеттiк қызметшi мiне, осындай болу қажет

Бар күш-жiгерiн, бiлiмiн, уақытын өз мамандығына арнайтын адамдар бар.

Мұндай адамдардың қатарына Абдулина Анар Сейтқұлқызын жатқызуға болады.

Ол бар еңбек жолын бiржолата таңдаған қаржыгер мамандығына арнады.

37 жылға жуық жалпы еңбек өтiлi бар, оның iшiнде мемлекеттiк қызметте — 31 жыл.

Абдулина А.С. Ақмола облысының қаржы басқармасында 2000 жылдың шiлдесiнен бастап еңбек етедi. 11 жылға жуық жергiлiктi бюджеттердiң нақты саласының шығыстарының орындалуын талдау бөлiмiн басқарады.

Анар Сейтқұлқызы — өз iсiнiң бiлгiрi. Лауазымдық мiндеттерiн орындау кезiнде табандылығы, принципшiлдiгi, жауапкершiлiгiмен ерекшеленедi.

Басшы ретiнде бөлiмнiң жұмысын талдауға және болжауға қабiлеттi. Қажеттi тәжiрибелiк көмек көрсете отыра, қарамағындағылардың мiндеттерiн, қызметтiк мiндеттемелерiнiң көлемiн және өкiлеттiктерiн айқындайды. Алдына қойылған мiндеттер мен мәселелердi құзiреттiлiкпен шешiп, өз көзқарасын қорғай бiледi.

Бюджеттiк саясат мәселелерi бойынша стратегиялық, нормативтiк және бағдарламалық құжаттарды жақсы меңгерген. Кәсiби деңгейiн әрдайым арттырып отырады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жұмыс тобының құрамында «Мемлекеттiк органның бюджет қаражатын басқару тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесiн» әзiрлеуге қатысты.

Оның басшылығымен бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру туралы талдамалық есептердi дайындау уақытылы әрi сапалы түрде жасалады.

Жастарға тәлiмгер бола отыра, кәсiби тәжiрибесi мен жинақталған бiлiмiн риясыз бөлiседi.

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң жанындағы мемлекеттiк қызметшiлердi қайта дайындау және бiлiктiлiгiн жетiлдiру аймақтық орталығында дәрiскер ретiнде оны өте бағалайды.

Мiнезi өте ашық, ақкөңiл адам. Анар Сейтқұлқызы өте тамаша сұхбаттас және кез келген адаммен түрлi тақырыпта қымсынбай әңгiме өрбiте алады. шыншылдығымен, қайырымдылығымен және қарым-қатынас кезiнде әдептiлiгiмен адамдарды өзiне тартады. Ол әрқашан тыңдап, қол ұшын берiп, жiгерлендiрiп және қажетттi кеңес бере алатындықтан сенiмге лайықты.

Анар Сейтқұлқызына қайырымдылық, сенiмдiлiк тәрiздi адами сипаттар тән. Мемлекеттiк қызметшi мiне, осындай болу қажет.

Еңбекқор және мемлекеттiк қызметке
адал қатысудың жақсы үлгiсi

Бiздiң басқарманың басталу тарихы өткен ғасырдың қырықыншы жылдарын қамтыған. Бiз облыстық қаржы бөлiмi, қаржы басқармасы, қаржы департаментi болдық, ал қазiргi уақытта Ақмола облысының қаржы басқармасы болып саналамыз. Бiздiң функциямыз болып облыстық бюджеттiң және облыс бюджетiнiң атқарылуы, коммуналдық меншiктi басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыру болып саналады. Басқарма ұжымы 38 адамнан тұрады, олардың әрқайсысы өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн саплы орындағаны, қызмет этикасын сақтағаны және жеке қасиеттерi үшiн жылы сөздерге лайық. Қазiргi күнi басқарманың мамандарына үлкен талаптар қойылып отыр, себебi олар тек экономикалық және қаржылық мәселелердi бiлiп, есептер, аналитикалық жазбаларды нақты және дұрыс дайындау ғана емес, өздерi жетекшiлiк жасап отырған саланың негiздерiн бiлулерi қажет. Бiз тек қана санмен ғана емес, аймақтың экономикалық жағдайын жақсартатын қаржымен жұмыс жасаймыз. Басқармада лауазымдық мiндеттерiн үлгi боларлықтай орындап жүрген мамандардың бiрi болып әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшi Бейсенова Светлана Зунаровна саналып отыр. Ол 1977 жылдың 13 қыркүйегiнде Көкшетау облысы, Еңбекшiлдер ауданы, Степняк қаласында дүниеге келген. Жалпы еңбек өтiлi- 17 жыл. Мемлекеттiк қызмет өтiлi — 11 жыл. Қаржы саласындағы жұмыс өтiлi- 11 жыл. Еңбек қызметiн 1998 жылдың желтоқсан айында «Казахинстрах» Еңбекшiлдер өкiлдiгiнде брокер болып бастаған. 200 жылдың маусым айынан бастап 2001 жылдың желтоқсаны бойынша «Үмiт» шаруа қожалығында бухгалтер болып iстеген. 2002 жылдың ақпанынан 2005 жылдың наурыз айлары аралығында Ақмола облыстық психикалық ауруханада бухгалтер қызметiнде iстеген. Қаржы басқармасында 2005 жылдың сәуiр айынан бастап жұмыс iстейдi. Бас маман болып бастап, 2008 жылдың қазанынан бастап жергiлiктi бюджеттердiң мемлекеттiк органдарының шығыстарының орындалуын талдау бөлiмiн басшылыққа алды. Оның негiзгi функционалдық мiндеттерi болып бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi, Ақмола облысы әкiмдiгiнiң, Ақмола облыстық мәслихаты аппараттарының, Iшкi iстер департаменттерiнiң, төтенше жағдай, экономика және бюджеттiк жоспарлау, табиғи ресурстар және табиғатты пайдануды реттеу, энергетика және тұрғын-үй шаруашылық басқармалары бойынша бюджеттiң атқарылуы аясындағы жұмыстардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету. Жұмыстағы ұйымдастырушылық, талапкершiлiк, ұқыптылық және әрiптестерiмен жақсы қатынас оның бөлiмде жұмысты жоғары деңгейде ұйымдастыруын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бердi. Бюджеттiк бағдарламаны жүзеге асыру, нысаналы ағымдық трансферттер, дамытуға нысаналы ағымдық трансферттер және кредиттеу оның басшылығымен уақытында және сапалы өткiзiледi. Қажет болған жағдайда бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне, аудандардың және қалалардың экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмдерiне жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы бойынша әдiстемелiк көмек көрсетедi. Мемлекеттiк қызметке бiрiншi рет қабылданған мемлекеттiк қызметшiнiң тәлiмгерi болып саналады. Светлана Зунаровна өз iсiнiң кәсiпқой маманы емес, ол басқарманың қоғамдық және спорт шараларына да белсендi қатысады. Облыстық басқармалар мен ведомстволардың мемлекеттiк қызметшiлерi арасында өткiзiлетiн басқа спорт шараларының (стол теннисi, жүзу) бiрнеше рет жүлдегерi атанды. Және де ол екi бала — ұл, қыз тәрбиелеп отырған сүйiктi және қамқорлы жар және ана. Ақмола облысы әкiмiнiң, Ақмола облысы мәслихаты хатшысының алғыс хаттарымен марапатталды. Мiне, бiздiң ойымызша еңбекқор және мемлекеттiк қызметке адал қатысудың жақсы үлгiсi ретiнде саналатын мемлекеттiк қызметшi осындай болуы қажет.

Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика