AA

«Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» Стратегиясында басымдылықты айқын белгiлеген мемлекеттiк саясаттың басты бағыттарының бiрi болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бекiтiлген.

Оның негiзгi бағыттарының бiрi мемлекеттiк қызмет саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл, квазимемлекеттiк және жекеменшiк секторда қоғамдық бақылау институтын енгiзу. Құқық қорғау және сот органдарында сыбайлас жемқорлықты болдырмауды ескерту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейiн қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық мәселелерi жөнiнде халықаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

Заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттiк органдар, ұйымдар, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерi және лауазымды тұлғалар өз құзiретi шегiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылды жүзеге асыруға мiндеттi.

Бюджеттiк атқару саласындағы мемлекеттiк орган ретiнде функцияларды жүзеге асыратын Ақмола облысының қаржы басқармасы сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiн ескерту және болдырмау бойынша кешендi шараларды жүргiзедi. Бұл ретте басқарманың қызметi ашық.

Сонымен қатар қажды басқармасының ресми интернет-ресурсында облыс бюджетi, облыстық бюджеттi атқару туралы ақпарат, басқарманың бюджеттiк бағдарламалары, басқарма әзiрлейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары орналастырылып отырады.

Сондай-ақ, сайтта басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылға қатысты қызметi жарияланып, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiне арналған «виртуалды қабылдау» жұмыс iстейдi (http://oblfin.akmo.gov.kz/page/read/blog.html?mob=1&special=1).

Қызметтiк әдеп нормаларын сақтауды қамтамасыз ету және мемлекеттiк қызмет туралы заңнама және ҚР Әдеп кодексiнiң бұзушылықтарының алдын алу бойынша қызметтi әдеп жөнiндегi уәкiл жүзеге асырады және ол бойынша ақпарат ресми сайтта орналастырылады (сенiм телефон 8 (716-2) 25-30-42).

Мемлекеттiк қызметшiлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында Ақмола облысының қаржы басқармасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына қарсы iс-қимыл және оның алдын алу мәселелерiне қатысты өзектi тақырыптарға аппараттық оқулар тұрақты түрде өткiзiлiп отырады. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiн болдырмау және белгiленген қағидаларды бұлжытпай сақтауға бағытталған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг бекiтiлген. Тұрақты түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиiмдiлiгiн, бюджеттi атқару саласында құқық қолдану тәжiрибесiнiң жағдайын талдауды жүйелi түрде жүргiзуге мүмкiндiк беретiн сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргiзiледi.

Осылайша, аталған iс-шараларды жүргiзу сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiн қалыптастыруға мүмкiндiк берiп, бұл әр уақытта қаржы басқармасының басым мiндетi болып табылады.

 

Мақаланы құрған күні 24.09.2019 09:52
Мақаланы жаңартқан күні 24.09.2019 09:52
Қаралым саны: 130
© 2019. «Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ