Управление финансов Управление финансов Управление финансов Управление финансов

ДССССРБСЖМСНЖК
Сенім телефондары


8 (7162) 25-30-42

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саясатын насихаттау
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы

Қазақстан Республикасының Президентi нақты айқындаған, Қазақстанның мемлекеттiк саясатының басты басымды бағыттарының бiрi — сыбайлас жемқорлықты жою. Сыбайлас жемқорлық барлық көрiнiсiмен экономика, саясат, әлеуметтiк сала тәрiздi қоғамның барлық саласына әсер етiп, оның салдарынан туындаған керi жағдайлар қоғамның прогрессивтi дамуына тосқауыл болып қана қоймай, мемлекеттiң болашақтағы дамуына үлкен қауiп төндiредi.

Мемлекет басшысы «Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттiң он басымдығының бiрi ретiнде негiзгi принциптерi азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету, мемлекеттiк органдар мен оларға бағынысты құрылымдардың қызметiн реттейтiн нормативтiк-құқықтық актiлердi, сыбайлас жемқорлықты анықтау және оған қарсы iс-қимыл жүйесiн одан әрi жетiлдiру, азаматтық қоғам құрылымдарымен өзара әрекет ету болып табылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы негiзгi әрi қатал күрестi атаған болатын.

Өз құзiретi шегiнде барлық мемлекеттiк органдар, ұйымдар, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерi мен лауазымды тұлғалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте ат салысу қажет. Бұл «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленген.

Ақмола облысының қаржы басқармасы, бюджеттiң атқарылуы саласында функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган ретiнде сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiн ескерту және болдырмау бойынша кешендi шараларды жасайды.

Тұрақты түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргiзiлiп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиiмдiлiгiне, бюджеттiң атқарылуы саласында құқық қолдану тәжiрибесiнiң жағдайына жүйелi түрде талдау жасауға мүмкiндiк бередi.

Қаржы басқармасының ресми интернет-ресурсында облыс бюджетiнiң атқарылуы туралы есептер, бюджеттi атқару қорытындысы бойынша материалдар жиi орналастырылып отырады. Сонымен қатар, сайтта сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бойынша басқарманың қызметi туралы арнайы бөлiм бар.

Белгiленген қағидаларды бұлжыттпай сақтауға және сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiн тоқтатуға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт әзiрленiп, бекiтiлген. Сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiн болдырмау көзқарасы жағынан лауазымдық мiндеттердi орындау бойынша тiкелей әрекеттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартқа негiз болып отыр.

Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметiн бақылау және лауазымдық өкiлеттiлiктi асыра пайдаланбау, Әдеп кодексiнiң нормаларын сақтау мақсатында, басқармада мемлекеттiк қызметшiлердiң әдебiн бақылау кiтабы бар, сондай-ақ сенiм телефоны қызмет етедi: 25-30-42. Лауазымды тұлғалардың заңға қайшы әрекеттерiне азаматтардың өтiнiштерiне арналған жәшiк орнатылған.

Қызметтi үйлестiрудi жақсарту, құқықтық сауаттылықты арттыру және сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне төзбеушiлiктi қалыптастыру үшiн, сонымен қатар 2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыру мақсатында, басқармада мемлекеттiк қызметшiнiң оң имиджiн қалыптастыруға қатысты мәселелер қарастырылатын аппараттық оқулар жүргiзiлiп, заңнамаға, оның iшiнде мемлекеттiк қызмет туралы, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы, бюджеттiк заңнама және мемлекеттiк сатып алу саласындағы заңға енгiзiлген өзгерiстер талқыланып отырады.

Қазiргi таңда мемлекеттiк органдар қызметiнiң жариялық, ашықтық және айқындық принципiн iске асыратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылдың негiзгi механизмдерiнiң бiрi — мемлекеттiк қызметтегi мүдделер қайшылығын болдырмау. Басқарма тұрақты түрде мүдделер қайшылығын анықтау, жою және реттеу бойынша жұмыс жүргiзiп, өздерiнiң жақын туыстары тiкелей бағынысты болатын қызметтi бiрге атқару, мемлекеттiк қызметшiлердiң өзге ақылы қызметтермен айналысу фактiлерi анықталмаған.

Заңнамамен мемлекеттiк қызметке түскен әрбiр азамат сақтауы тиiс талаптар сонымен қатар, мемлекеттiк қызметке орналасуға жол бермейтiн шектеулер белгiленген. Осы орайда, басқармада мемлекеттiк қызметтi өткеруге байланысты шектеулердiң сақталуына ерекше назар аударылады. Жұмысқа қабылдау кезiнде, мемлекеттiк қызмет туралы заңнамаға сәйкес шектеулердi қабылдау жөнiнде жазбаша келiсiм алынып, өзi қабылдаған шектеулердi бұзған жағдайдағы құқықтық салдары туралы түсiндiрме жасалады.

Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау Қазақстан Республикасы Конституциясы, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте өтiнiштерге мониторинг жүргiзiлiп, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiнiң сапалы, уақытылы қаралуына қатаң бақылау жасалады. Басқармаға ағымдағы жылы келiп түскен барлық өтiнiштер уақытылы, заңнамамен белгiленген мерзiмде қарастырылған. Басқармаға сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы заңнама мен мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк әдебi нормаларының бұзылуы бойынша өтiнiштер келiп түспеген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл және қызметкерлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру қаржы басқармасының басымды талабы болып табылады.

Ақмола облысының
қаржы басқармасы

Мақалың шыққан күні: 09.08.2018 10:19
Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.08.2018 10:19
Қараулар: 416

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика