AA

«Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі туралы

Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» Стратегиясында «өте жоғары этика және кәсiбилiк тиiмдi мемлекеттiк аппаратты құрудың негiзгi өлшемi болып табылатындығын» атап өттi.

Бүгiнде мемлекеттiк қызметшiнiң әдебi мен мiнез-құлық мәселелерiне үлкен мән берiледi. Мемлекеттiк қызметшi имиджiнiң тұтастығы жоғары кәсiбилiк пен жеке құзiреттердiң, моральдық-адамгершiлiк қаситтердiң және әдептiлiк мiнез-құлықтың көрiнуiне негiзделген. Мемлекеттiк қызметшiнiң имиджiн қалыптастыру идологиялық, саяси және мәдени аспектiлердi қамтиды.

Өз кезегiнде, мемлекеттiк қызметшiлердiң мiнез-құлық стандарты Мемлекет басшысының 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдеп кодексiмен белгiленген және мемлекеттiк қызметшiнiң құндылықтары мен принциптерiн қамтиды.

Әдеп кодесi — қоғам мен мемлекеттiң көпшiлiк мақұлдаған принциптерi мен нормаларына негiзделген, мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк мiндеттемелерiн адал атқарудың мiндеттерi мен талаптарының, моральдық нормаларының жүйесi.

Әдеп кодексi Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша кәсiби автономды мемлекеттiк аппаратты қалыптастыру аясында бекiтiлген және халықтың мемлекеттiк органдарға сенiмiн нығайтуға, мемлекеттiк қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетiн қалыптастыруға және мемлекеттiк қызметшiлердiң әдепсiз мiнез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.

Кодекс мемлекеттiк қызметтiң құндылықтары мен принциптерiн бекiте отыра, мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет уақытында ғана емес, сонымен бiрге күнделiктi өмiрдегi мiнез-құлық стандартын анықтайды.

Бұл ретте мемлекеттiк қызметшiлер жалпы қабылданған моральдық-әдептiлiк нормаларды ұстануға, қоғамға жат мiнез-құлық, оның iшiнде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершiлiкке нұқсан келтiретiн масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге тиiс. Мұндай жат мiнез-құлық жасаған жағдайда мемлекеттiк қызметшi тиiстi тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылады.

Кез келген жұмыстың нәтижелiлiгi ұжымда қалыптасқан өзара қарым-қатынас мәдениетiмен байланысты болады.

Осы орайда Кодексте мемлекеттiк органдардағы сындарлы моральды-психологиялық ахуалдың қалыптасуына аса маңызды рөл бөлiнген. Барлық мемлекеттiк қызметшi, бiрiншi кезекте басшылар ұжымда iскерлiк қарым-қатынасты нығайтуға мүмкiндiк жасап, әрiптестерiнiң намысы мен абыройына кiр келтiретiн жеке және кәсiби қасиетiн талқылаудан тартыну қажет.

Сонымен бiрге, төмен тұрған лауазымдардағы қызметшiлер басшылардың тапсырмаларын орындау кезiнде тек шынайы мәлiметтердi ұсынуға, өздерiне мәлiм болған қызметтiк әдеп нормаларын бұзу жағдайлары және мемлекеттiк қызметке кiр келтiретiн тәртiптiк терiс қылықтар туралы басшылыққа және әдеп жөнiндегi уәкiлге дереу хабарлауғатиiс.

Басшылар қарамағындағы қызметшiлермен қарым-қатынас кезiндеөзiнiң мiнез-құлқымен барлық iсте үлгi болуға,меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз етуге,көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезiнде қарамағындағыларға қатысты негiзсiз айыптауларға, дөрекiлiк, әдепсiз мiнез-құлық фактiлерiне жол бермей, әдiлдiк пен объективтiлiк танытуға тиiс.

Мемлекеттiк қызметшiлердiң мiнез-құлықының негiзгi стандартын бекiту және олардың орындалуына жүйелi бақылау жасау мемлекеттiк қызметтегi сыбайлас жемқорлық мәдениетiн қалыптастыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнама мен қызметтiк әдеп нормаларын ескертуге мүмкiндiк бередi.

Шын мәнiнде мемлекеттiк қызметшiлердiң әдеп нормаларын қарапайым түрде бұзуының өзi жалпы мемлекеттiк аппараттың беделiн түсiредi.

Осыған орай, мемлекеттiк қызметшiлердiң мiнез-құлықының белгiленген стандартын қатаң түрде қолдану мемлекеттiк аппаратқа деген халықтың сенiмiн жоғарлатуға жағдай жасайды. Бұл Мемлекет басшысының әрбiр мемлекеттiк қызметшiнiң алдына қойған басты мiндетi.

Белая Т.Ю — әдеп жөнiндегi уәкiл,

Қаржы басқарма басшысының орынбасары

Мақаланы құрған күні 07.03.2018 11:09
Мақаланы жаңартқан күні 07.03.2018 11:09
Қаралым саны: 1092
© 2019. «Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ