Управление финансов Управление финансов Управление финансов Управление финансов

ДССССРБСЖМСНЖК
Сенім телефондары

25-30-42
(факс) 40-24-65

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саясатын насихаттау
«Ақмола облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2017 жылғы 9 маусымдағы
№ А-6/251 қаулысына
қосымша

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы 27 мамырдағы
№ А-7/245 қаулысымен
бекiтiлдi

«Ақмола облысының қаржы басқармасы»
мемлекеттiк мекемесi туралы
ереже

1.Жалпы ережелер

1. «Ақмола облысының қаржы басқармасы» мемлекеттiк мекемесi жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы, бухгалтерлiк есептi, бюджеттiк есептi және жергiлiктi бюджеттi атқару бойынша есептiлiктi жүргiзу саласында қызметтердi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2. «Ақмола облысының қаржы басқармасы» мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Ақмола облысының қаржы басқармасы» мемлекеттiк мекемесi ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Ақмола облысының қаржы басқармасы» мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

5. «Ақмола облысының қаржы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Ақмола облысының қаржы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен басқарма басшысының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

7. «Ақмола облысының қаржы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

8. Заңды тұлғаның мекенжайы: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 83.

9. Мемлекеттiк органның толық атауы: «Ақмола облысының қаржы басқармасы» мемлекеттiк мекемесi.

10. Осы Ереже «Ақмола облысының қаржы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтайшылық құжаты болып табылады.

11. «Ақмола облысының қаржы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

12. «Ақмола облысының қаржы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Ақмола облысы қаржы басқармасының функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Ақмола облысының қаржы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi,
функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

13. «Ақмола облысының қаржы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы Ақмола облысының бюджетiн атқару саласында мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын қамтамасыз ету болып табылады.

14. Мiндеттерi:

1) жергiлiктi бюджеттiң атқарылу үрдiсiн үйлестiрудi ұйымдастыру;

2) мемлекеттiк мекемелердiң қаржылық жағдайы туралы мүдделi тұлғаларды толық және анық ақпаратпен қамтамасыз ету;

15. Функциялары:

1) облыстық бюджеттi атқару бойынша бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң қызметiн, аудандардың (облыстық маңызы бар қала) бюджетiн атқару бойынша жергiлiктi уәкiлеттi органның жұмысын үйлестiру;

2) бюджеттiк ақшаны басқару, соның iшiнде Қазақстан Республикасының Халық банкiнде салымдарында (депозиттер) уақытша бос бюджеттiк ақшаларды орналастыру бойынша рәсiмдердi iске асыру және көлемдердi анықтау;

3) жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы бойынша бюджеттiк есептi жүргiзу;

4) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 124, 125-баптарына сәйкес бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 118, 120-баптарына сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасау және ұсыну;

5) «Ақмола облысының қаржы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн және күтiп-ұсталуын қамтамасыз ету;

6) төлемдер бойынша жинақталған қаржыландыру жоспарын, мiндеттемелер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарын қалыптастыру, бекiту, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу;

7) түсiмдердiң жиынтық жоспарын және мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен, олардың қарамағында қалатын ақша шығынын келiсу, қолма қол бақылау шоттарын ашуға, мемлекеттiк мекемелердiң кодтарын жабуға және беруге рұқсат беру;

8) түсiмдер бойынша бюджеттiк мониторингтi жүзеге асыру және республикалық бюджеттен бөлiнген нысаналы ағымдағы трансферттер, нысаналы даму трансферттерi мен кредиттердi iске асыру,

9) облыс бюджетiнiң шығыс бөлiгiн және облыстық бюджеттi атқару туралы талдамалық есептi қалыптастыру;

10) бюджеттiк кредиттерге қызмет көрсету, мониторинг және есепке алу;

11) шұғыл шығындарға жергiлiктi атқарушы органдардың резервiнен қаражат бөлу бойынша өтiнiштi қарастыру және қорытынды беру, аудандық бюджеттердiң қолма қол тапшылығын жабуға, ақшаны пайдалану және оның қалдығы туралы облыс әкiмдiгiне есептi ұсыну;

12) Бюджеттiк бағдарламалардың мақсаты мен көрсеткiштерiне қол жеткiзу бойынша облыстың жергiлiктi атқарушы органының тиiмдiлiгiн бағалауды жүргiзу үшiн жиынтық ақпаратты жинауды және дайындауды қамтамасыз ету;

13) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 129-бабына сәйкес облыстық бюджеттiң атқарылу қорытындысы бойынша жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың нәтижелерiне қол жеткiзiлуiне талдау жүргiзу;

14) Республикалық бюджет туралы заңға өзгерту және толықтыру енгiзуге тиiстi бюджеттiк комиссияның ұсынысы немесе мәслихаттың жергiлiктi бюджет туралы шешiмi негiзiнде бюджеттiк қаражатты қысқарту туралы шешiм қабылданған бюджеттiк бағдарламалар бойынша операцияларды тоқтату;

15) Ақмола облысының қаржы басқармасымен басқарылатын, бюджетке түсетiн түсiмдердiң сыныптама кодтары бойынша облыстық бюджетке түсiмдердiң артық (қате) төленген сомасын есептеудi және (немесе) облыстық бюджеттен қайтаруды қамтамасыз ету;

16) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiне сәйкес секвестр өткiзу бойынша жұмысты ұйымдастыруға қатысу;

17) мемлекеттiк және үкiметтiк бағдарламаларды iске асыру шеңберiнде тұрғын үйдiң құрылысын қаржыландыру үшiн облыстың жергiлiктi атқарушы органының мемлекеттiк бағалы қағаздарын шығару, орналастыру, айналымға шығару, қызмет көрсету және өтеу бойынша қарызға алу үдерiсiн ұйымдастыру;

18) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзiретi шегiнде мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру;

16. «Ақмола облысының қаржы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң құқықтары мен мiндеттерi:

1) бюджеттi атқаруды қамтамасыз ету бойынша кешендi шараларды орындау үшiн жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерден ақпараттарды және есептердi, басқа да мәлiметтердi сұратып алдыру;

2) өз құзiретi шегiнде құқықтық актiлердi шығару;

3) коммерциялық және басқа да заңмен қорғалатын құпиялық тәртiптеменiң сақталуын ескере отырып, жергiлiктi бюджеттiң орындалуына қатысты құжаттармен еш кедергiсiз танысу;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де құқықтар мен мiндеттердi жүзеге асырады.

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

17. «Ақмола облысының қаржы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне басшылық етудi «Ақмола облысының қаржы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшысы жүзеге асырады.

18. «Ақмола облысының қаржы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы облыс әкiмiнiнiң өкiмiмен қызметке тағайындалады және қызметiнен босатылады.

19. Басшының өкiлеттiгi:

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Ақмола облысының қаржы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерiн лауазымға тағайындайды және қызметтен босатады;

«Ақмола облысының қаржы басқармасы» мемлекеттiк мекемесi мамандардың құқықтарын, құрылымдық бөлiмшелерiнiң өкiлдiгiн және мiндеттерiн анықтайды;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк органдарда «Ақмола облысының қаржы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң атынан ұсынады;

«Ақмола облысының қаржы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң құқықтық актiлерiне қол қояды;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген тәртiппен «Ақмола облысының қаржы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерiн марапаттау, материалдық көмек көрсету, тәртiптiк жаза қолдану мәселелерiн шешедi;

«Ақмола облысының қаржы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiнiң лауазымдық нұсқауларын бекiтедi;

сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргiзу бойынша шаралар қолданады және ол жеке жауап бередi;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

«Ақмола облысының қаржы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны ауыстыратын тұлға орындайды.

20. «Ақмола облысының қаржы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары бар.

Басшы өз орынбасарының өкiлеттiгiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

4.Мемлекеттiк органның мүлкi

21. «Ақмола облысының қаржы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң заңнамамен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.

«Ақмола облысының қаржы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ, өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

22. «Ақмола облысының қаржы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк облыстық коммуналдық мүлiкке жатады.

23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақмола облысының қаржы басқармасы» мемлекеттiк мекемесi өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5.Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

24. «Ақмола облысының қаржы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика