Управление финансов Управление финансов Управление финансов Управление финансов

ДССССРБСЖМСНЖК
Сенім телефондары

25-30-42
(факс) 40-24-65

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саясатын насихаттау
«Ақмола облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бекітілген стандарты

«Ақмола облысының қаржы
басқармасы» мемлекеттiк
мекемесi басшысының
2017 жылғы 15 мамыр
№ 254-О бұйрығымен бекiтiлген

«Ақмола облысының қаржы басқармасы»
мемлекеттiк мекемесiнiң сыбайлас
жемқорлыққа қарсы стандарты

1.Жалпы ережелер

1.«Ақмола облысының қаржы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты (бұдан әрi — Стандарт) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiмен бекiтiлген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзiрлеу жөнiндегi әдiстемелiк ұсынымдарға сәйкес әзiрленген және сыбайлас жемқорлықты ескертуге бағытталған ұсынымдар жүйесiнен тұрады:

1)жергiлiктi бюджеттi атқару;

2)облыстық коммуналдық мүлiктi басқару.

2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың әзiрлеушiсi «Ақмола облысының қаржы басқармасы» мемлекеттi мекемесi болып табылады.

3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзiрлеудiң талаптары:

1) қоғамдық қатынастардың жеке саласына жұмыс iстейтiн тұлғаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы орнықты мiнез-құлықты қалыптастыру;

2) сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiн уақытылы анықтау және олардың терiс салдарының алдын алу.

4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың принциптерi:

1)заңдылық;

2)транспаренттiлiк;

3)әдептiлiк;

4)жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуы және оларды сыбайлас жемқорлық көрiнiстерден қорғау;

5)мүдделер қақтығысын болдырмау болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар белгiленген ереженi мүлтiксiз сақтауға және сыбайлас жемқорлықтың көрiнiстерiн алдын алуға бағытталған қоғамдық қатынастардың жеке саласында жұмыс iстейтiн тұлғалардың iс әрекетiн және шiшiмдерiн анықтайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар негiзiнде лауазымдық мiндеттердi орындау бойынша тiкелей iс-әрекеттер сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiн болдырмау көз қарасы:

1)сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар саласында жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыру;

2)өз құзыретi шеңберiнде басқарушылық және өзге шешiмдердi даярлау және қабылдау;

3)нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын даярлау;

4)тiршiлiк әрекетi саласы тиiстi спецификасына байланысты өзге қоғамдық маңызды қатынастар кезiнде қалануы тиiс.

2.Қоғамдық қатынастардың жеке саласына жұмыс iстейтiн тұлғалардың мiнез-құлық ( iс-әрекет) қағидалары

2.1.сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыру кезiнде:

1) адал, әдiл, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептiлiк нормаларын сақтауға, азаматтармен және әрiптестерiмен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептiлiк танытуға;

2) өздерi қабылдайтын шешiмдердiң заңдылығы мен әдiлдiгiн қамтамасыз етуге;

3) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қозғайтын шешiмдердi қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге;

4) өзiнiң iс-әрекетiмен және мiнез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшiн қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшiлiктердi жою мен өзiнiң қызметiн жақсарту үшiн пайдалануға;

5) жеке сипаттағы мәселелердi шешу кезiнде мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, мемлекеттiк қызметшiлер мен өзге де адамдардың қызметiне ықпал ету үшiн өзiнiң қызметтiк жағдайын пайдаланбауға;

6) шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтердi таратпауға;

7) қызметтiк тәртiптi бұлжытпай сақтауға, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиiмдi пайдалануға;

8) мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдауға, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң тұтынушысы ретiнде толығымен халықтың сұранысына бағдар ұстануға;

9) жасағаны үшiн заңнамада тәртiптiк, әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен терiс қылықтарды жасауға жол бермеуге;

10) басқа мемлекеттiк органдар, ұйымдар және кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне заңсыз араласуды болдырмау.

2.2.өз құзыретi шеңберiнде басқарушылық және өзге шешiмдердi даярлау және қабылдау кезiнде

1)құзiреттердi нақты шектеудi және барлық құрылымдық бөлiмшелер мен лауазымды тұлғалардың келiсiлген жұмыс атқаруын қамтамасыз ету;

2)лауазымдық өкiлеттiлiктердi орындауға қатысы жоқ және Қазақстан Республикасының заңнамасының бұзушылықтарына бағытталған бұйрықтар мен нұсқауларды шығаруды болдырмау;

3)лауазымдық мiндеттердi орындау кезiнде жеке және пайдакүнемдiк мүдделердi басшылыққа алмау;

4)басқа тұлғаларды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға итермелемеу және ынталандырмау;

5)лауазымдық өкiлеттiлiктердi орындаумен байланысты сыйлықтарды қабылдамау;

6)туыстық, жерлестiк және шын берiлгендiк белгiлерi бойынша кадрларды таңдау және орналастыру жағдайларын болдырмау, меритокартия принциптерiн сақтауды қамтамасыз ету;

7)мүлiктiң және мүлiктiк емес игiлiктердi және артықшылықтарды алу немесе түсiру мақсатында таратылуға жатпайтын қызметтiк және басқа ақпаратты пайдаланбау;

8)сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсендiлiк таныту;

9)кiрiс табумен байланысты кәсiпкерлiк және басқа қызметтi жүзеге асыруда әлдекiмге ықпал етуден бас тарту;

10)үшiншi тұлғалардың мүдделерiн ұсыну немесе мүдделерiн қабылдауға ықпал етуден бас тарту;

2.3.нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын даярлау кезiнде:

1)нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау бойынша құзiреттiлiк Қазақстан Республикасының заңнамасымен тiкелей қарастырылған жағдайда ғана аталған актiнi қабылдауды қамтамасыз ету;

2)нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындауда және талқылауда жұртшылықтың, бұқаралақ ақпарат құралдарының мiндеттi түрде қатысуын қамтамасыз ету;

3)жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын құқықтық актiлердi әзiрлеуде Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсiпкерлер палатасы және жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредитацияланған бiрлестiктерi өкiлдерiнiң қатысуы мiндеттi;

4)әзiрленген құқықтық актiлердiң жобаларын мүдделi мемлекеттiк органдарға келiсуге жiбергенге дейiн көпшiлiк талқылау үшiн орналастыру;

5)жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын құқықтық актiлердiң жобалары қоғамдық кеңестiң отырысында оларды қарастырғанға дейiн бұқаралық ақпарат құралдарында, оның iшiнде интернет-ресурстарда талқылауға (таратуға) жатады.

6) құқықтық актiлерде сыбайлас жемқорлық факторларын және олардың белгiлерiн қамтитын нормаларды пайдаланбау.

2.4. тiршiлiк әрекетi саласы спецификасына байланысты туындайтын өзге қарым-қатынастар кезiнде:

1)лауазымды тұлғалардың қызметтiк өкiлеттiлiктерiнiң мiндеттерi мен көлемiн нақты және айқын белгiлеу;

2)олардың қызметiнiң нәтижелерiн бағалау, сондай-ақ ынталандыру және жазалау шараларын қабылдау кезiнде әдiлдiк және объективтiлiк таныту;

3)сөзсiз орындалмайтын немесе олардың лауазымдық мiндеттерiнiң шегiнен шығатын, сонымен қатар заңнамаға қарама-қайшы келетiн өкiмдердi бермеу;

4)қызметтiк емес сипаттағы мәселелердi шешу кезiнде қарамағындағылардың қызметiне әсер ету үшiн лауазымдық беделiн пайдаланбау;

5)қарамағындағыларды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға мәжбүрлемеу;

6)қарамағындағылардың және басқа лауазымды тұлғалардың тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын бұзу фактiлерiн жiбермеу және кесу;

7) өз лауазымдық мiндеттерiн орындау барысында әрiптестерде орын алған мүдделер қақтығысын реттеу бойынша түбегейлi шараларды уақытында қабылдау;

8)сыбайлас жемқорлықты ескерту бойынша түбегейлi шараларды қабылдау;

9)сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды оның iшiнде қарамағындағылармен жасауға, мүмкiндiк беретiн, себептер мен шарттарды жою;

10)қызметтен тыс немесе жеке тапсырмаларды орындауға қарамағындағыларды жiбермеу.

3.Өзге де шектеулер мен тыйым салулар.

Сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiн болдырмау үшiн жауапты тұлғалар Мемлекеттiк қызметшiлердiң әдеп кодексiнiң нормаларын сақтауға және «Сыбайлас жемқорлық туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 12-бабымен қарастырылған сыбайлас жемқорлық шектеулерiн ұстануға мiндеттi.

Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика