Управление финансов Управление финансов Управление финансов Управление финансов

ДССССРБСЖМСНЖК
Сенім телефондары

25-30-42
(факс) 40-24-65

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саясатын насихаттау
Міндеттер мен қызметтер

Басқарма заңдылықтармен белгiленген тәртiпте келесi негiзгi мiндеттердi атқарады:

1. облыстық бюджеттiң орындалуы бойынша заңнамалық актiлердiң сақталуын қамтамасыз етедi;

2. облыстық бюджеттiң орындалуы бойынша ұсыныстар әзiрлейдi;

3. мемлекеттiң қаржылық мүдделерiн қорғауды ұйымдастырады;

4. аудан (облыстық деңгейдегi қала) бюджетiнiң орындалуы бойынша жергiлiктi уәкiлеттi органдардың жұмысын үйлестiредi;

5. мемлекеттiк мекемелермен  ақшалай қаражаттың жұмсалу тиiмдiлiгiн арттыру  жөнiнде iс-шаралар қабылдайды;

6. мемлекеттiк коммуналдық меншiк активтерiнiң қозғалысын реттейдi және  есебiн жүргiзедi;

7. жекешелендiру мен коммуналдық меншiк обьектiлерiн басқару мәселелерi бойынша мемлекеттiк саясатты жүзеге асырады.

 

Басқарманың негiзгi қызметтерi болып табылады:

1. облыстық  бюджеттiң орындалуын, облыстық бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi есептеменiң және бюджеттiк есептiң жүргiзiлуiн қамтамасыз ету;

2. облыстық бюджетке түсiмдердi болжауға қатысу;

3. облыстық бюджеттiң орындалуы бойынша (жылдық, ай сайынғы) есептердi дайындау және оларды жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдарға, бюджеттiң орындалуы жөнiндегi орталық өкiлеттi органға тапсыру;

4. бюджет түсiмдерiн қамтамасыз ету, бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру жөнiндегi  iс — шараларды орындау және бюджет тапшылығын қаржыландыру;

5. шоттарды ашуға рұқсат беру және мемлекеттiк мекемелердi қабылданған мiндеттемелер бойынша қаржыландыру;

6. бюджеттiк бағдарламалар бойынша iс-шаралардың орындалуына

бағытталған  iс-шараларды iске асыру;

7. түсiмдер мен  қаржыландырудың жиынтық жоспарын, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын  жасау және бекiту, оларға толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу;

8. бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық өкiлеттi органға және Ақмола облысының қазынашылық департаментiне  мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын және  түсiмдер мен қаржыланды-рудың   жиынтық жоспарын  тапсыру;

9. бюджеттiң орындалуы бойынша бюджеттiк қаржының игерiлуi жөнiнде мониторинг өткiзу;

10. бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру жөнiндегi мониторингтiң барысы туралы   бюджеттiк комиссия мен жергiлiктi   бюджеттiк бағдарлама-лардың әкiмшiлерiне   ақпарат ұсыну;

11. облыстық бюджеттен несиелендiру тәртiбiн жүзеге асыру, оның пайдаланылуы мен  толық қайтарылуына  бақылау жүргiзудi  қамтамасыз ету;

12. бекiтiлген жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың (бағдарлама-шалардың) әрi қарай жүзеге асырылуының мақсаттылығына және  экономикалық тиiмдiлiгiне бағалау жасау;

13. бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бойынша бюджеттiң орындалуы жөнiнде жалпы қорытынды дайындау;

14. мемлекеттiк сатып алу үдерiсi жөнiнде мониторинг өткiзу және  мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi өкiлеттi органға мемлекеттiк сатып алу  туралы ақпаратты тапсыру;

15. облыстық коммуналдық меншiктi басқару жұмысын ұйымдастыру   және оны қорғау жөнiндегi iс-шараларды орындау;

16. коммуналдық меншiк обьектiлерiн жекешелендiру бойынша саудаластықты  ұйымдастыру және өткiзу, коммуналдық меншiк обьектiлерiн сатып алу-сату шарттарын әзiрлеу және жасау;

17. коммуналдық мемлекеттiк  заңды тұлғаларға бекiтiлген негiзгi құрал-жабдықтардың iстен шығуы, қабылданып-тапсырылуы жөнiндегi мәселелердi келiсу;

18. коммуналдық   меншiк  обьектiлерiн     жекешелендiру комиссия-сының  қызметiн ұйымдастыру және  қамтамасыз ету;

19. коммуналдық   меншiк    обьектiлерiн сатуға алдын-ала  дайындау-ды ұйымдастыру;

20. коммуналдық меншiк обьектiлерiн жекешелендiрудiң  әдiстерi мен түрлерiн анықтау;

21. Ақмола облысының мемлекеттiк коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкiн есепке алуды жүргiзу;

22.  коммуналдық мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлген мүлiктi мүлiктiк жалға беру мониторингiн өткiзу;

23. коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың қызметтерiнiң тиiмдiлiгiне мемлекеттiң қатысуымен талдау жасау;

24. басқарманың қызметiн қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк сатып алу үдерiсiн жүргiзу;

 

Құқықтары

Басқармаға жүктелген қызметтердi  жүзеге асыру үшiн басқарма  заңнамалармен  белгiленген тәртiпте  құқылы:

1. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiмен қамтылған жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер мен мемлекеттiк органдардан бюджеттiң орындалуын, бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру үшiн бюджет түсiмдерiн  қамтамасыз ету бойынша   iс — шаралар кешенiн орындауға қажеттi ақпараттарды  және есептердi, басқа да мәлiметтердi сұратып алдыруға;

2. түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына, Қазақстан Республикасының Үкiметiмен анықталған тәртiпте, жылдық сомаларды қоса есептегендегi мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге;

3. коммерциялық және басқа  да   заңмен қорғалатын құпиялық

тәртiптеменiң сақталуын ескере  отырып, жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына қатысты құжаттармен еш кедергiсiз танысуға;

4. мемлекеттiк  мекемелердiң тапсырған есептемелерiне тексерiс

жүргiзуге;

5. жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын  мемлекеттiк органдар, мекемелер және мемлекеттiк кәсiпорындардан мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi есептердi және тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қыз-меттердiң жоспарланған сатып алу номенклатурасын сұратып, белгiленген мерзiмде алдыруға;

6.  сатып алушылармен коммуналдық меншiк обьектiлерiн сатып алу-сату шарттарына сәйкес  мiндеттемелердiң, сонымен қатар басқа да шарттық мндеттемелердiң  орындалуына бақылау жасау;

7. бақылау жүргiзуге, оның iшiнде коммуналдық меншiк обьектiлерiн сенiмгерлiк басқару шарттарына сәйкес мiндеттемелердi  орындаулары бойынша сенiмгер басқарушылардың  есебiн тыңдауға.

Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика